Біз үшін әрбір кітап – баламыздай қымбат, сәбиіміздей сүйікті.

Абай баспасы 2017 жылы құрылған, қазақтың рухани әлемін байытуға ниет еткен бірегей баспа.

Абай баспасы – арлы, ойлы, әділетті һәм мейірбан адамдардың топтасқан ұйымы.

Create Your Book Online

Баспаның басты ұстанымы – пайда табуға емес, ағартушылық қызметке негізделген.

Хәкім Абайдың есімін иеленіп отырған баспа – ешқашан ардан аттамауға, кісінің ақысын жемеуге, біреудің ала жібін аттамауға және қиянаттан бойын аулақ ұстауға серттескен ізгі ниетті компания.

Design Book Cover

Біздің мақсатымыз – қазақ кітаптарының қорын молайтып, ұлтымыздың ұландарын оқуға, білім мен ғылымға шақыру.

Міндетіміз – қазақтың ескі кітаптарына әлемдік деңгейдегі форматтарға сай жаңа өң, бөлек бояу, өзге тыныс беріп, жаңа буын оқырманының қолына жеткізу.

Сондай-ақ қазақ авторларының жаңа кітаптарын әлемдік кітап индустриясының озық үлгілеріне сай, көз тартатындай етіп жарқыратып нарыққа шығару.

eBook Distribution Network

Біз – ең әуелі кітап авторына және оның ардақты оқырманы үшін еңбек етеміз.

Баспа көркем әдебиет бағытындағы кітаптарға басымдық береді (оның өзі көркем әдебиет деңгейіне сай болса ғана).

Дегенмен қазаққа пайдалы деген қандай да бір кітаптар болса, оны да жарыққа шығаруға атсалысады.

Earn Highest Royalty

Біздің кемеміз – автор, мұхитымыз – оқырман.

Әр кітап – оның авторының тікелей қатысуымен жасақталады.

Кітаптың мұқаба дизайны мен кітаптың ішкі түптеу жұмыстары да, оқылған мәтіні де автордың көңілінен шығып, өзі батасын берген соң ғана баспаханаға кетеді.

Auto ISBN & Barcode generation

Абай баспасынан шыққан кітабыңыз – тарихтың сөресінде тұрғай!

Ақберен Елгезек - "Абай" баспасының Директоры

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез!” - Хәкім Абай

Біздің портфолио

БАҚ біз туралы

«Eurasian Book Fair-2023» кітап көрмесінде «Абай» баспасынан жарық көрген 23 кітаптың тұсаукесері өтеді

Коллекцияны 100 томға жеткізу ойымызда бар - Ақберен Елгезек

«Абай» баспасы: 35 кітаптың тұсауы кесіледі

«Абай» баспасынан жарық көрген 24 кітаптың тұсауы кесілді

«Абай» баспасы шығарған 35 кітаптың тұсауы кесілді

"Абай баспасынан" жарық көрген 35 кітаптың таныстырылымы өтті

«Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсауы кесіледі

Жастар кітап оқымайды деген бос әңгіме – Ақберен Елгезек

+77082522832